TOP-2Жаңалықтар

Эколог лудоман болып шықты – Атыраудағы тексеріс

Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы облыстық экология департаментінің қызметкерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Аталған мемлекеттік қызметкер заңда белгіленген тыйымға қарамастан, құмар ойындарды ойнаған. Қадағалау актісінің негізінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жұмыстан босатылды.

“Сонымен қатар, экология департаменті басшысының орынбасары және экологиялық бақылау бөлімінің 7 бас мамандары заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылған (ӘҚБтК-тің 498- бабымен, құқықтық статистика және арнайы есепке алу деректерiн ұсынудан бас тарту, ұсынбау, уақтылы ұсынбау, жасыру, қосып жазу және басқа да бұрмалаушылықтар)”, – делінген хабарламада.

Прокуратура мемлекеттік органдардағы заңдылықтың сақталуы үнемі жүргізілетінін атап өтеді.

Back to top button