Жаңалықтар

Екібастұзда бес жасар бала ашық құдыққа құлап кетті

Оқиға видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Зардап шеккен баланың анасы болған жағдайдың мән-жайын айтып берді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оның сөзінше, 2019 жылы туған ұлы абайсызда тереңдігі екі метрден асатын ашық құдыққа құлаған. Қауіпті нысан мәдениет орталығына өте жақын жерде орналасқан. Алайда ол жерде ешқандай қоршау, ескерту белгісі немесе қорғаныс құрылғылары болмаған. Салдарынан бала дене жарақатын алды. Қазір ол қаладағы медициналық мекемеде ем қабылдап жатыр. 

Оқиға сәті мәдениет орталығы маңындағы бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жазбада баланың құдыққа құлағаны және кейін өздігінен сыртқа шыққаны анық көрінеді. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Back to top button