TOP-2Жаңалықтар

eGov жеке кабинетінде жаңа мүмкіндіктер пайда болады

Қазақстанда азаматтың цифрлық кеңістігіне қатысты талаптар бекітілді.

Тиісті бұйрыққа Премьер-Министрдің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі қол қойды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Құжатқа сәйкес, пайдаланушылар цифрлық кеңістіктегі ақпараттың өзектілігін тексере алады, мемлекеттік қызметтерді алу тарихын қарай алады, операциялар мәртебесі туралы push-хабарламалар, SMS немесе электрондық пошта арқылы хабарлама ала алады, хабарламалар мен қауіпсіздік параметрлерін баптай алады, сондай-ақ электрондық цифрлық қолтаңба сертификатын кері қайтара алады.

Азаматтың цифрлық кеңістігі — бұл электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет бөлімі. Онда жеке деректерді пайдалану және мемлекеттік қызметтерді алуымен байланысты цифрлық оқиғалар туралы ақпарат көрсетіледі.

Бұйрық 12 шілдеде күшіне енеді. Қазақстанның Цифрлық кодексіне Мемлекет басшысы 9 қаңтарда қол қойып, ол 11 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Back to top button