Дрондар қаупіне байланысты Астана – Омбы рейстері уақытша тоқтатылды
VietJet Qazqstan әуе компаниясы дрондар белсенділігіне байланысты Астана – Омбы бағытындағы рейстерді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Компания мәліметінше, рейстерді тоқтату 2026 жылғы 9–20 шілде аралығында күшінде болады. Сонымен қатар, аталған бағыт бойынша билет сату тамыз айының соңына дейін уақытша тоқтатылды.
Әуе тасымалдаушысы жолаушыларға қолайсыздықты азайту мақсатында бірнеше балама ұсынды. Атап айтқанда, рейсі тоқтатылған жолаушыларға жолақының толық құны қайтарылады немесе балама бағытпен сапар шегуге мүмкіндік беріледі.
Бұл бағыт бойынша жолаушылар Астанадан Петропавлға дейін ұшақпен жеткізіліп, одан әрі Омбыға автобуспен тасымалданады. Кері бағытта да дәл осындай маршрут қолданылады.
Айта кетейік, бұған дейін VietJet Qazqstan Астана мен Омбы арасында тәулігіне екі рейс орындап келген.