БілімЖаңалықтар

Диплом алар кезде «хайп ұстаған» колледж түлегі сынға ұшырады

Кейін анықталғандай, жыртылғаны – шынайы диплом емес, арнайы әзірленген екінші мұқаба болған.

Алматы бизнес және коммуникациялар колледжінің диплом табыстау рәсімінде дипломын жыртқандай кейіп танытқан түлек әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұл оқиға әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бірі мұны әзіл деп қабылдаса, енді бірі бұл түлекке диплом бермей, айыппұл салу керектігін, басқаларға сабақ болуы қажет екенін жазды.

Әлеуметтік желі қолданушылары диплом табыстау – жай ғана ресми рәсім емес, оқытушылардың еңбегі мен ата-ананың қуанышты күні екенін де жазды. Олардың пікірінше, колледж түлегінің бұл әрекеті – өзі оқыған білім ордасына деген құрметсіздігі.

Ал екінші тарап бұл әрекетте ешқандай заңбұзушылық жоқ екенін, алдын ала жоспарланған әзіл болғанын айтып, жағдайды тым ушықтырмауға шақырды.

Back to top button