Депутаттар қандастардан қазтестті талап етуді заңсыздық деп атады
Мәжіліс отырысында бір емес, екі депутат Қазақстанға көшіп келетін этникалық қазақтардан қазақ тілінде тестті талап ету заңсыз деп есептейді. Олардың айтуынша, шетелде басқа әліпбимен оқыған қазақтар Қазақстанға келгенде бұл емиханнан өте алмайды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ЗАҢДА БӘРІ АНЫҚ ЖАЗЫЛҒАН
Әуелі бұл мәселені депутат Мұрат Әбенов көтерген. Олар қазтесттің пилоттық жобамен басталуын сынап, Еңбек министрлігіне сұрақ қойды. Дәл сондай сұрақты министрлік өкілдеріне Қазыбек Иса қойды. Оның сөзінше, заңда бәрі анық жазылған.
Мемлекеттік тілде емтихан алу этникалық қазақтарға қолданылмайды деп соқырға таяқ ұстатқандай сөз жазулы тұр. Еңбек министрлігі, Жасанды интеллекті және Ішкі істер министрлігінің пилоттық жобасында қандастарға мемлекеттік емтихан тапсыртып қойған. Сонда бұл Парламент қолдаған заңды басып өте бере ме? – деді Қазыбек Иса.
Ол осыған қатысты Алматыда 150 адам бас қосқан қандастар жиынын мысал етті.
Мақаншыдан мүгедек адам келді. Барлығының көтерген мәселесі сол, мемлекеттік емтихан тапсыру. Айталық, Қытайда басқа әліпби. Олар қалай тапсырады? Шынтуайтында, қандастарға мемлекеттік емтихан тапсыру деген межеден жаңа айтылған үш министрлік өкілдері де өте алмайды. Бұл заңсыздық қой?, – деді депутат.
ВИЦЕ-МИНИСТРДІҢ ЖАУАБЫ
Бұған жауапп берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев алдымен пилоттық жобаның мақсатына тағы бір тоқталды.
Бұл алдымен, елге білікті кадрлар тарту. Заңнама жағына келсек, жаңа спикер атап өткендей, басқа да заң жобасы осы заңда қарастырылмаған жеке пакетпен әзірленіп жатыр. Сұрақтарды қосымша жұмыс тобы шеңберінде талқылайық. Біз дайынбыз, – деді Тұяқбаев.