ЖаңалықтарСпорт

Дастан Сәтбаев «Челси» үшін алғашқы ойында гол салды (Видео)

Матч Австралияның Сидней қаласында өтеді.

17 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сәтбаев Австралиядағы маусым алдындағы турне аясындағы алғашқы матчта Лондонның «Челси» клубының негізгі құрамында алаңға шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Дастан Сәтпаев «Челси» сапындағы алғашқы голын небәрі жеті минутта салды

Қазақстандық шабуылшы алғаш рет Лондонның «Челси» клубының негізгі құрамында алаңға шығып, Аустралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы жолдастық кездесуде өнер көрсетті. Дастан Сәтпаев матчтың 7-минутында есеп ашты.

Бұл – оның «Челси» сапындағы алғашқы голы.

Қазір 17 жастағы «Қайрат» клубының түлегі ағылшын командасымен бірге маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынында жүр. Оның «Челсиге» ауысуы кәмелет жасына толғаннан кейін ресми түрде рәсімделеді. Дастан 18 жасқа 12 тамыз күні толады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button