Дарын Мубаровтың берген сұхбатына сараптама жасалып жатыр
Аталған материал бойынша құқықтық баға беріледі.
Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының мамандары интернет-кеңістікте заңсыз миссионерлік қызметпен айналысатын және діни материалдар жариялайтын желі қолданушыларының арасында журналист Айнұр Асенбердінің әлеуметтік желідегі парақшаларына мониторинг жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Астанада тіркелмеген діни миссионердің подкасты анықталды
Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасының мәліметінше, мониторинг барысында Айнұр Асенбердінің 31.07.2026 жылы youtube парақшасында жарияланған «Сізге уағыз айтуға тиым салынды. Енді не істейсіз? Дарын Мубаров|» атты подкастқа Қазақстан аумағында тіркеусіз діни миссионерлікпен айналысқан Дарын Мубаровпен түсірген подкасты анықталған.
Подкаст ескертуге қарамастан жарияланған
Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы тарапынан хабарландыру болғанына қарамастан әлеуметтік желілерде бұл подкастты жариялаған. Аталған материал бойынша құқықтық баға беріледі және діни заңнаманы бұзу анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады.