Жаңалықтар

Чемоданнан шашылған ақша: Астана көшелерінің бірінде қызық жағдай болды

Астанадағы Қонаев көшесінде, Atlant-6 тұрғын үй кешені маңынан сегіз чемодан мен АҚШ долларына ұқсас купюралар табылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ІІМ не дейді

Әлеуметтік желіде тараған кадрлардан тротуарға шашылған ақша мен бірнеше сөмкені көруге болады.

Оқиға туралы «102» нөміріне хабарлама түсіп, аталған жерге полиция қызметкерлері барған. Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға байланысты ұстау шарасын Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері жүргізгенін хабарлады.

Ақша кімге тиесілі

Әзірге чемодандардағы ақшаның нақты сомасы, купюралардың түпнұсқалығы және кімге тиесілі екені белгісіз. Оқиғаның мән-жайы нақтыланып жатыр.

Back to top button