Жаңалықтар

Челахты соттаған судья қызметінен босатылды

Ербол Ахметжанов Жамбыл облыстық сотының басшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Tizgin.kz kaztag.kz-ке сілтеме жасап. 

СОТ НЕ ДЕЙДІ

«Отырыс барысында Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушыны қызметінен босату, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты төрағасының облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларын қызметке тағайындау туралы ұсынысы туралы мәселелер қаралды. Қарау қорытындысы бойынша Жамбыл облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы қызметтен босатылды», – деп хабарлады Жоғары сот кеңесінің баспасөз қызметі.

МӘН-ЖАЙЫ

Жамбыл облыстық сотын 2020 жылдың ақпан айынан бастап шекарашы Владислав Челахтың резонанстық ісі бойынша сот ісін басқарумен танымал Ахметжанов басқарды. 2012 жылдың 11 желтоқсанында Талдықорған қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотында Ахметжанов Челахты «Арқанкерген» шекара заставасында 15 адамды өлтіргені үшін кінәлі деп танып, оны өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеу туралы үкім шығарды.

Back to top button