TOP-2Тергеу

Бұрынғы пірәдар Иаков Воронцов екі айға қамауға алынды

Орыс православ шіркеуі (ОПШ) ұйымының бұрынғы пірәдары Иаков Воронцов екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды КазТАГ.

«Бүгін хатшы хабарласып, әдеттегідей, процес басталатынын жай ғана мәлімдеді. Барлығымыз онлайн форматта қосылдық. Прокурор Иаковты қамауға алу туралы өтінішін оқып берді, алайда біздің оны негіздеуді талап еткен сұрауымызға ешқандай құжат ұсынған жоқ. Біз үйқамақ шарасын қолдануды сұрадық. Сот оның денсаулық жағдайын нақтылады. Оның тамырлары мен буындарына қатысты мәселелері бар, сондықтан біз үйқамақ сұрадық – бұл Иаковқа дәл қазір қажет толыққанды емді үй жағдайында алуына мүмкіндік берер еді. Ол тергеуден қашқалы тұрға жоқ, тергеу барысына кедергі келтіру ниеті де жоқ. Алайда прокурор екі ай мерзімге қамауға алуды талап етті. Сот қорғау тарапының үйқамақ қолдану туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартып, екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды. Мен бұл шешіммен келіспейтінімді бірден айтып, шағым түсіретінімді мәлімдедім. Сондай-ақ оған медициналық көмек көрсетілуі үшін денсаулық сақтау департаментіне және ҚАЖД-ға жүгінеміз», – деді Ғалым Нұрпейісов.

Бұған дейін БАҚ сұрауына жауап ретінде Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы «есірткі құралдарын тұтынуға арналған притон ұйымдастыру» фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқанын хабарлаған. Еске салайық, әкімшілік қамауда отырған кезде Воронцов хат жазған, оны оның адвокаты жариялаған. Хатта Воронцов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, жағдайды Қазақстанда ОПШ-тан тәуелсіз православ шіркеуін құру әрекетімен байланыстырады.

Бұған дейін Воронцов өзіне қатысты «экстремизм» бабы бойынша қозғалған қылмыстық істің тоқтатылғанын мәлімдеген. Сондай-ақ 12 ақпанда бұрынғы священник Алматы қаласының әділет департаментіне діни бірлестікті мемлекеттік тіркеуден бас тартуды заңсыз деп тану туралы талап-арыз бергені хабарланған.

Воронцов Қазақстан қоғамын алаңдатқан көптеген өзекті мәселелер бойынша ашық сыни ұстанымымен танымал.

 

 

Back to top button