TOP-2Экономика

Brent мұнайының бағасы бір баррель үшін тағы 100 доллардан асты

Таяу Шығыстағы шиеленіс күшейген тұста мұнай бағасы тағы қымбаттай бастады, деп хаьарлайды Tizgin.kz.

Лондондағы ICE биржасының мәліметінше, 12 наурызда Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері 14,33%-ға қымбаттап, бір баррель үшін 100,39 долларға жеткен.

Бұл баға соңғы екі аптада үш таңбалы көрсеткіштен екінші рет асып отыр. Бағаның өсуіне 28 ақпанда басталған АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әскери операциясы және одан кейін Ормуз бұғазындағы күрделі жағдай себеп болды.

Бұл стратегиялық маңызды теңіз жолы арқылы әлемдік мұнай жеткізілімінің шамамен 20%-ы тасымалданады. Аймақтағы шиеленіс, танкерлерге жасалған шабуылдар мен тасымалдың үзілуі мүмкін деген қауіп трейдерлерді бағаға рекордтық тәуекелдерді енгізуге мәжбүрледі.

Brent бағасы наурыз айының басында да 100 доллардан асқан, алайда кейін аздап түзетілген еді.

Back to top button