TOP-2

«Болашақ» бағдарламасы: министрлік шәкіртақы жүйесін өзгертеді

Шәкіртақы мөлшері өспегеніне 15 жылдан астам уақыт болды

Халықаралық бағдарламалар орталығы басшысының орынбасары Абай Рахмет әлем бойынша шәкіртақы алатын барлық бағдарламаға талдау жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.

«Шәкіртақы мөлшері өспегеніне 15 жылдан астам уақыт болды, ал инфляция әлем бойынша өсіп жатыр. Жалпы алғанда, әлем бойынша шәкіртақы алатын барлық бағдарламаға талдау жасадық. «Болашақ» бағдарламасы оқудан бастап, ұшу, медициналық сақтандыру, визаға қатысты шығын, ай сайынғы шәкіртақы сияқты барлық шығынды өзі жабатындығымен ерекшеленеді. Бұл – біздің азаматтарға шетелден сапалы білім алып келуге үлкен мүмкіндік», – дейді Халықаралық бағдарламалар орталығы басшысының орынбасары Абай Рахмет.

Ол шәкіртақы мөлшері қалай өсетіні келесі жылы белгілі болатынын айтты.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша шәкіртақы мөлшері қандай болатыны мемлекет пен қалаға байланысты. Мысалы, Нью-Йоркте шәкіртақы мөлшері 2200 доллардан басталса, басқа штаттарда шәкіртақы мөлшері төмендеу болады. Болашақта шәкіртақы санын азайтып, одан үнемделген қаражатты ай сайынғы шәкіртақыға жұмсау туралы нұсқа бар. Бұл да қай мемлекет, қай қала екеніне байланысты есептеледі», – дейді ол.

Back to top button