Блогер Жанабыловтарға үкім шықты
Бүгін Астанадағы әйгілі блогерлер – Ерболат Жанабылов пен оның жары Эльмира Төлегеноваға үкім шықты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Сот үкімімен ерлі-зайыпты блогер кінәлі деп танылды. Ерболат Жанабыловтың екі жылға бас бостандығы шектелді. Ол пробациялық бақылауда болады. Түнгі 22.00-ден бастап таңғы 06.00-ға дейін ол үйінде болуы тиіс.

Ал оның жары Эльмира Төлегенова екі жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда кішкентай баласының болуына байланысты ол жазасын екі жылдан кейін өтейді.
Айта кетейік, Жанабыловтардың соты өткен аптада да жалғасқан. Сотта кеше денсаулығына байланысты процеске келе алмаған Эльмира Төлегенова соңғы сөзін айтып, судьядан процессуалдық келісім жасау туралы өтініш білдірген. Сот прокурорға дайындық үшін бір сағат уақыт берді. Артынша прокурор Олжас Хайруллаев пен блогерлердің адвокаты Гаухар Айтжанова процессуалдық келісім бойынша дүйсенбіге дейін уақыт сұраған.
Бүгінгі сотта прокурор процессуалдық келісіммен келісті. Сонымен қатар, ол блогерлерге жаңа жаза мерзімін сұрады: