Жаңалықтар
“Біз есірткіге жоқ дейміз” деген Қайрат Нұртас астаналықтарды рекорд орнатуға шақырды
Белгілі әнші Қайрат Нұртас астаналықтарды игі шараға шақырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“26 маусым — халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні. Осыған орай ІІМ қолдауымен “Заң мен Тәртіп” концепциясы аясында елордада ауқымды шара өтеді. “Біз есірткіге жоқ” деп бірлікте әлемдік рекорд орнатамыз”, – деді ол.
Әнші осы игі істерді қолдау үшін арнайы баратынын мәлімдеді. Астанада (Қазақстан ОКЗ) өтетін шараға әнші барлық ниет білдірушілерді шақырды.