Оқиға

Батыс Қазақстан өңірінде тағы бір беспилотник табылды

Мессенджерлерде Батыс Қазақстан облысында ауыл маңына дрон құлады деген ақпарат тарап жүр. Дәлел ретінде оның фотосуреті бірге жарияланған. Бұл туралы жергілікті «Мой город» басылымы жазады.

Бұл ақпаратты БҚО полиция департаменті растады.

Ведомствоның мәліметінше, Ақжайық ауданында ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттар табылған. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

«Нысан елді мекен аумағынан тыс жерде табылды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда, — деп нақтылады полиция.

Айта кетейік, БҚО-да дрондардың құлау фактілері бұған дейін де тіркелген. Алайда бүгінге дейін Қазақстан Қорғаныс министрлігі тергеу нәтижелері туралы ресми мәлімет жариялаған жоқ.

Back to top button