$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
TOP-2Жаңалықтар

Басқа ойым жоқ – Тоқаев өз мақсатын айтты

Халық кеңесіне келген президент Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта да халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін табанды еңбек ете беретінін мәлім етті, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Халықаралық ынтымақтастықты тереңдетіп, елімізге келетін инвестиция көлемін ұлғайтуымыз қажет. Өздеріңізге мәлім, мен мемлекетіміздің басшысы ретінде халықаралық жиындарға жиі қатысып, көптеген елдердің көшбасшыларымен, инвесторлармен кездесулер өткізіп жүрмін. Астанада да жоғары деңгейдегі іс-шараларды өткізіп, мемлекет басшыларымен және халықаралық ұйым жетекшілерімен келіссөздер жүргізіп жатырмын”, – деді ол.

Президент алдында тұрған мақсаты айқын екенін жеткізіп, бұл – Қазақстанды орта держава ретінде бүкіл дүние жүзіне мейлінше кең ауқымда паш ету, тарихымыз бен мәдениетімізді халықаралық қауымдастық деңгейінде дәріптеу, мемлекетіміздің мүддесін қорғау және еліміздің әлеуетін жан-жақты насихаттау деді.

“Басқа ойым жоқ. Сондықтан мұның бәрін бүкіл халқымыздың мақсаты деп күмәнсіз айтуға болады”, – деді ол.

Back to top button