“Бәрін көріп отырмын”: Аша Матай депутаттарға кеңес айтты

Сайлауға түскенімен Құрылтайға кіре алмаған әнші Ақбота Асқарбекова депутаттарға сәттілік тіледі. Ол бәрін көріп отырғанын айтып, депутаттарды антқа адал болуға шақырды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
“Құрметті халайық, Құрылтай сайлауы өтті. Халық сайлаған депутаттар сайланып, тиісті антты қабылдады. Мен бәрін көріп отырмын, жаңадан сайланған депутаттарды құттықтап, жұмыстарына сәттілік тілеймін. Мемлекетіміздің, халқымыздың игілігіне шын жүректен қызмет етеді деп сенім білдіріп, үміт артамын. Берген анттарыңызға берік болыңыздар. Ақ жол, сіздерге құрметті депутаттар”, – дейді әнші.
Айта кетейік, Ақбота Асқарбекова Қазақстан халық партиясы атынан Құрылтай депутаттығына үміткер болып тіркелген. Алайда оның партиясы тиісті 5 пайыз дауысты жинай алмай, бірде-бір кандидатын депутат ете алмады. Ал Аша Матайдың өзі сайлау науқаны кезінде сұрақтарға берген жауабы үшін ең көп сынға ұшыраған кандидаттардың бірі болды.