ЖаңалықтарҚоғам

Балаларды қорғау күні: оқушылар Ақорданы аралады

Қазақстанның әр өңірінен келген оқушылар Ақорданы аралады

Ақорда мәліметінше, халықаралық балаларды қорғау күніне орай Президент резиденциясы барлық облыстан келген 100 оқушыға есігін айқара ашқан, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ақордада пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері, оқу озаттары, шығармашылық байқаулардың және спорт сайыстарының лауреаттары қонақ болды.

Кішкентай меймандарға ғимарат құрылысының тарихы мен сәулеттік ерекшеліктері туралы сыр шертетін қызықты экскурсия ұйымдастырылды.

Оқушылар ресми қабылдау өтетін залдармен, Мемлекет басшысының кітапханасымен танысып, резиденция аумағындағы бақта серуендеді.

Жеткіншектер Қазақстан тарихы туралы жан-жақты мәлімет алып, Тәуелсіздік құндылықтарының маңызына бойлады. Экскурсия соңында балаларға Президент атынан естелік сыйлықтар табысталды.

Back to top button