$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24
Спорт

Азия ойындары: 25 медаль иеленген Қазақстан құрамасы қазір нешінші орында

Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарындағы бес жарыс күні қорытындысында қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте төртінші орында келеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Алты медаль иеленді

Кеше спортшылар қоржынға алты медаль салды. Оның біреуі – алтын, төртеуі – күміс, біреуі – қола.

Ұлттық Олимпиада комитеті мәліметінше, бес жарыс күнінен кейін ел құрамасы еншісінде 25 медаль бар: 8 алтын, 8 күміс және 9 қола. Жалпыкомандалық есепте төртінші орында тұр.

Бесінші жарыс күнінде академиялық ескек есуден Владислав Яковлев пен Иван Чернухиннің топ жарып, тарихи медальға ие болды. Олар рульсіз екі ескекшілер арасындағы финалда үздік шықты. Бұл – Қазақстанның Азия ойындары тарихындағы академиялық ескек есуден алған алғашқы алтыны.

Күміс бұйырған күн

Ушу-саньдадан Абдурашид Абдуллаев күміс медаль иеленді.

Каноэ және байдаркадан өткен жарыста Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая екі адам бақ сынайтын 500 метр қашықтықта мәреге екінші болып келіп, күміс жүлдеге ие болды. Осы бағдарламада Сергей және Тимофей Емельяновтар 500 метр қашықтықта қола медаль жеңіп алды.

Семсерлесуден Кирилл Проходов күміс жүлдегер атанды.

Қазақстан қоржынына тағы бір күміс медальді гимнаст Милад Карими салды. Ол еркін жаттығулар бағдарламасында екінші орын алды.

Back to top button