TOP-1Жаңалықтар

Әумесерлер әулие болып кетті – Ринат Зайыт (ВИДЕО)

Мәжіліс бүгін психологиялық қызмет туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұдан былай психологтердің кәсіби біліктілігі мен біліміне нақты талаптар қойылады. Заңда алғаш рет психолог ұғымы нақты айқындалып, психологиялық қызметпен кімдердің айналыса алатыны белгіленеді. Психологтердің кәсіби біліктілігі мен біліміне қойылатын нақты талаптар енгізіледі. Сонымен қатар кәсіби құпияны сақтау, этикалық нормаларды ұстану және манипулятивтік әдістерді қолдануға тыйым салу сияқты қызмет қағидаттары бекітіледі.

Әріптестерін заң жобасын қолдауға шақырған депутат Ринат Зайыт нақты мысал келтірді.

“Бір жігіт әлеуметтік желі арқылы психологқа хабарласып, “әке-шешеммен, әйеліммен түсінісе алмай жүрмін” деп мұңын шыққан. Әлгі “психологы” оған “әке-шешең токсичный, сен олардан аулақ жүр” деген ғой. Сөйтіп, бір әулеттің ойран-топырын шығарып жіберген. Осындайларға тоқтау керек”, – дейді Ринат Зайыт.

Депутат екінің бірі психолог, әлеуметтік желіде әр әумесер әулие болып кетті деп мәлімдеді.

Back to top button