Атыраудағы сот: Сәрсемәлиев қайын апасын 32 пышақтағанын мойындады
Атырау облысының мамандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотында Сұлтан Сәрсемәлиев өзіне тағылған айыпты ішінара мойындады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
СӘРСЕМӘЛИЕВТІҢ ҰРЛЫҚҚА ДА ҚАТЫСЫ БАР МА
Ақ Жайық басылымы мәліметінше, ол қайын жұртындағы төрт адамды өлтірді. Соған сәйкес ұрлық және алаяқтық жасады деп айыпталып отыр.
Ол Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыппен келіскен жоқ. Айтуынша, мұндай әрекетке өзін қорғау үшін барды. Бұл жағдай абайсызда болғанын айтты.
ЕКІ АДАМДЫ ҚАСАҚАНА ӨЛТІРГЕН
Сонымен қатар қайын атасы Мақсот Қарабалинді 9 рет, Нәсіп Өтешқалиеваны 8 рет пышақтап, екеуін қасақана өлтіргенін мойындады.
Қайын апасы Мейрамгүл Қарабалинаны 32 рет пышақтаған.
Сәрсемәлиев қылмыстық кодекстің 13 бабы бойынша айыпталып отыр. Соның ішінде тек Наурыз Мұқанғалиевті қасақана өлтірді деген айыпқа келіспеді.