TOP-2Жаңалықтар

Атырау облысында бір отбасын өлтіру ісі сотқа жолданды

Полиция Жангелдин ауылында төрт адамның өліміне қатысты резонанс тудырған қылмыстық істі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Негізгі күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев өз кінәсін толық мойындаған. Оған адам өлтіруден бөлек, ұрлық пен алаяқтық баптары да тағылып отыр. Тергеу мәліметінше, ол марқұмдардың банк карталарындағы ақшаны иемденіп, олардың малын сатып жіберген.

Бұған дейін Сәрсемәлиев Индонезияда ұсталған болатын. Кейін ол мәйіттердің жерленген орнын көрсеткен. Сараптама оның есі дұрыс екенін анықтады.

Ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сот процесі ай соңына дейін басталады.

Back to top button