«Атырау» футбол клубы толықтай жекеменшікке өтті
Мәлім болғандай, енді клубтың 100 пайыз үлесі «Caspian Football Group» ЖШС-ға тиесілі, деп хабарлайды Tizgin.kz.
ЖАҢА БАСШЫ КІМ
Ресми ақпаратпен Атырау облыстық мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы бөлісті. Соған сәйкес бұл өзгеріс Президенттің кәсіби спортты дамытып, футбол клубтарын жекеменшік секторға беру жөніндегі тапсырмасы аясында қолға алынды.
Болат Қонарбай футбол клубының иесі атанды. Жаңа басшылық өңірлік футболды дамытуға бағытталған бірнеше бастама жариялаған. Ол жоспарда балаларға арналған футбол академиясын салу, балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту бар.
ӘКІМДІК ҚОЙҒАН ТАЛАП
Одан бөлек, спорттық инфрақұрылымды жаңғырту мен Атыраудағы футболдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру да бар. Әкімдік осындай талап қойған көрінеді.
Сонымен қатар клубқа қосымша инвестиция тарту арқылы материалдық-техникалық базаны күшейту мен кәсіби футболды жаңа деңгейге көтеру көзделіп отыр.