Жаңалықтар
Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың депозиттері тексерілуі мүмкін
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жоспары бойынша, отбасылардың нақты қаржылық жағдайын бағалау үшін жаңа критерийлер енгізіледі, деп хабарлайды Tizgin.kz inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
МИНИСТРЛІК МҰНЫ ҚАЛАЙ ТҮСІНДІРДІ
Аталған ақпаратпен мұның алдында Tiek телеграмм арнасы бөліскен болатын. Соған сенсек, банк шоттарындағы ақша қозғалысы, шығын операциялары, депозиттердің болуы және несиелік міндеттемелер толықтай ескеріледі.
Министрлік мұндай өзгерістер әлеуметтік көмекті әділ бөлуге мүмкіндік береді деп түсіндіреді. Яғни мемлекеттік қолдау шын мәнінде табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға ғана берілуі тиіс.