TOP-2Жаңалықтар

Астанадағы бес ауданның шекарасы өзгереді

Бұл жобаны қабылдау қалалық аумақтарды басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қалалық аумақтарды басқару тиімділігін арттыру мақсатында Астанадағы әкімшілік аудандардың шекаралары өзгереді. Бұл туралы Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы Алтынбек Ахметов мәлімдеді, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Жаңа жоба қарауға ұсынылды

Оның айтуынша, қала әкімдігі мен мәслихатының бірлескен қаулысына және «Астана қаласының кейбір аудандарының шекараларын өзгерту және белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу жөніндегі жоба қарауға ұсынылған.

Аудандардың аумағы қалай өзгереді

Алтынбек Ахметовтің сөзінше, бұл жобаны қабылдау қалалық аумақтарды басқарудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде әкімшілік аудандардың аумағы төмендегідей өзгереді:

  • Алматы ауданының аумағы 8 518 гектардан 8 412 гектарға дейін қысқарады;
  • Нұра ауданының аумағы 18 927 гектардан 18 516 гектарға дейін қысқарады;
  • Сарыарқа ауданының аумағы 6 775 гектардан 7 144 гектарға дейін ұлғаяды;
  • Есіл ауданының аумағы 20 431 гектардан 20 518 гектарға дейін ұлғаяды;
  • Сарайшық ауданының аумағы 6 953 гектарды құрайды;
  • Байқоңыр ауданының аумағы 18 129 гектардан 18 190 гектарға дейін ұлғаяды.

Талқылаудан кейін мәслихат депутаттары аталған жобаны қолдады.

Back to top button