ЖаңалықтарОқиға

Астанада тұрғын үй ауласында көлік қағып кеткен бүлдіршін көз жұмды

Бүлдіршін 1 жас 8 айлық болған.

Астанада тұрғын үй ауласында көлік қағып кеткен кішкентай бала қаза тапты. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Қайғылы жағдай 3 мамыр күні Иманов көшесіндегі тұрғын үйдің ауласында болған. Көлік қағып кеткен бүлдіршін 1 жас 8 айлық болған.

«Kia Seltos маркалы көлік жүргізушісі жолға жүгіріп шыққан кішкентай баланы қағып кеткен. Жол апаты салдарынан бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды», – деді Астана қалалық полиция департаментінің өкілі.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Back to top button