Астанада көлік көкөніс сататын дүңгіршекке кіріп кетті: оқушы қыз зардап шекті (Видео)
Астанада жеңіл автокөлік көкөніс сататын сауда павильонына кіріп кетіп, ішінде тұрған 15 жастағы қыз жарақат алды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Оқиға Болекпаев көшесінде болған. Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнынан түсірілген фотоларды жариялады.
Елордалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына қатысы бар Hyundai Accent көлігінің тізгінінде 18 жастағы жүргізуші болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ол көлікті басқара алмай қалып, көкөніс сататын павильонға соғылған.
Салдарынан дүңгіршек ішінде болған 15 жастағы қыз жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Аталған факті бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.