Астанада көгалда дәрет сындырған шетелдік 15 тәулікке қамалды (ВИДЕО)
Оқиға ботаникалық бақ аумағында болған.
Қоғамдық орында табиғи қажеттілігін өтеуге әрекеттенген 38 жастағы шетел азаматы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Астана қаласы Полиция департаментінің мәліметінше, құқық бұзушылық ботаникалық бақ аумағында болған. Келушілердің көзінше ер адам көгалдың үстіне дәрет сындырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзып, айналасындағыларға ашық түрде құрметсіздік танытқан.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел келіп, құқыққа қайшы әрекетті тоқтатып, құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материал рәсімдеді. Сот ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адамға 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындады.
Полиция қоғамдық орындар азаматтардың тынығып, уақыт өткізетін жері екенін, мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін еске салады. Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық әдеп нормаларын бұзатын кез келген әрекетке заң аясында қағидатты құқықтық баға беріледі.