Без рубрики

Астанада жалған шот-фактура жазған азаматтан 304 млн теңге өндірілді

Астана прокурорлары жыл басынан бері мемлекетке келтірілген залалды өтеу үшін жалпы сомасы 9,8 млрд теңгені құрайтын 11 талап енгізді. Соның ішінде жалған шот-фактуралар жазып берген елорда тұрғынынан 304 млн теңгеден астам қаражат өндірілді, деп хабарлайды Tizgin.kz. 

Жалған шот-фактуралар арқылы салық төленбеген

Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот Астана тұрғынын жалған шот-фактуралар жазып бергені үшін кінәлі деп таныды.

Тергеу барысында оның 2021–2022 жылдары ЖШС атынан іс жүзінде ешқандай жұмыс орындамай және қызмет көрсетпей, жалған электрондық шот-фактуралар жазып беруді ұйымдастырғаны анықталған.

«Қала прокуратурасымен мемлекетке келтірілген залалды өтеу туралы талап қойылды. Прокурордың талаптары қанағаттандырылып, сотталғаннан мемлекет кірісіне 304 млн теңгеден астам қаражат өндірілді», – делінген хабарламада.

Прокуратура мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері Астана прокурорлары жалпы сомасы 9,8 млрд теңгеге 11 талап енгізген.

Back to top button