$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Жаңалықтар

Астанада екі автобустың бағыты ұзартылды

Қозғалыс сызбасына алты аялдама қосылды

Астанада 19 қыркүйектен бастап №20 және №33 автобустардың бағыты Тілендиев даңғылындағы «Медеу көшесі» аялдамасына дейін ұзартылады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Бұл туралы қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы хабарлады.

Маршруттардың қозғалыс сызбасына «Медеу көшесі», «Қарталы көшесі», «Ақан сері көшесі», «Төлеп қонақүйі», «№58 орта мектеп» және «№5 қалалық емхана» аялдамалары қосылады.

Автобустардың қай жерде келе жатқанын Avtobys қосымшасы арқылы бақылауға болады.

Нұрай Әкіремхан

Нұрән Әділет – Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының білім саласына маманданған тілшісі. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-ды “қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығы бойынша тәмамдаған. Филология ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын ШҚО-дағы “Өскемен” газетінде корректор, артынша тілші болып бастаған. 2022 жылы “Jana Bastau” газетінде редактордың орынбасары болған. Әр жылдары Inbusiness.kz сайтында корректор, Qaz365.kz порталында тілші, Kursiv Media-ның Business News бөлімінің тілшісі болып жұмыс істеген. 2026 жылдың наурыз айынан бастап Tizgin.kz порталының арнайы тілшісі.
Back to top button