Астанада 40 градусқа дейін ыстық болады

Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласы мен Ақмола облысының тұрғындарына алдағы күндері ауа температурасы 37–40 градусқа дейін көтерілетіні туралы тағы да ескерту жасады, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Ведомствоның мәліметінше, Астанада ауыспалы бұлтты ауа райы сақталады, жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +35…+37°C болады.
Ал Алматыда да ауыспалы бұлтты ауа райы болжанып отыр. Жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр. Түнде ауа температурасы +20…+22°C, күндіз +33…+35°C шамасында болады.
Бұған дейін синоптиктер қазақстандықтарға жаздың ең ыстық аптасына дайын болуға кеңес берген еді.
«Қазгидромет» мамандарының мәліметінше, еліміздегі аптап ыстық кемінде тағы бір аптаға созылады. Алайда одан кейін ауа райы біртіндеп салқындауы мүмкін.