Арыстанбек Мұхамедиұлы иелігінде болған «Қазақ энциклопедиясы» мемлекетке қайтарылды
Прокуратура «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100 % үлесін Мәдениет және спорт экс-министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның заңсыз иелігінен мемлекетке қайтарғанын хабарлады, деп жазады Tizgin.kz.
“2015 жылы «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС-нің 100 % үлесі жылжымайтын мүлік түріндегі активтері заңсыз иеліктен шығарылған, жеке заңды тұлғамен заңсыз жекешелендірілген (Әуезов ауданындағы ауданы 2 108,3 м2 жер учаскесі бар ғимарат). Мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғау мақсатында Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуратурасы жекешелендіру шартын және одан кейінгі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы сотқа талап-арызбен жүгінген”, – делінген хабарламада.
Кассациялық соттың қаулысымен прокуратураның талап-арызы толық көлемде қанағаттандырылды, құны 1,3 млрд теңге болатын актив мемлекетке қайтарылады.