Аргентина Швейцарияны жеңіп, әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
Аргентина әлем чемпионы атағын қорғауға бір қадам жақындай түсті, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Футболдан қазіргі әлем чемпионы Аргентина құрамасы өз титулын қорғау жолындағы жорығын жалғастырып жатыр.
2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Лионель Месси бастаған Аргентина құрамасы қосымша уақытта он ойыншымен қалған Швейцарияны 3:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға шықты.
Аргентина сапында Алексис Мак Аллистер (10-минут), Хулиан Альварес (112-минут) және Лаутаро Мартинес (120+1-минут) мергендік танытты. Ал Швейцария құрамасының сапынан жалғыз голды Дэн Ндойе 67-минутта соқты.
Матчтың 72-минутында Брель Эмболо төрешіні алдауға әрекет жасағаны үшін екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды.
Осылайша, Швейцария құрамасы әлем чемпионатындағы жарыс жолын аяқтады. Ал Лионель Скалони шәкірттері әлем біріншілігінің жартылай финалына жолдама алып, онда Англия құрамасымен кездеседі.