$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
ЕрекшеЖаңалықтар

Аралда құдыққа құлаған түйені құтқарушылар аман алып шықты

Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті.

Қызылорда облысының Арал ауданына қарасты Арал қаласында құдыққа құлаған түйе құтқарылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Құтқарушылар жануарды қауіпсіз шығару жұмыстарын ұйымдастырды.

«Әбілхайыр Хан көшесіндегі тұрғын үйдің жанындағы құдыққа түйенің түсіп кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетті. Құтқару жұмыстарын жүргізу үшін АҚА-20 арнайы техникасы жұмылдырылды», – деп жазылған хабарламада.

Арнайы техниканың көмегімен түйе құдықтан көтеріліп шығарылып, иесіне тапсырылды. Құтқару операциясы сәтті аяқталды. Жануар аман-есен құтқарылды.

 

Зарина Қаһарман

Зарина Қаһарман – журналист, Tizgin.kz ақпарат-сараптама порталының тілшісі. Журналистика саласында 10 жылдан аса тәжірибесі бар. Еңбек жолын Өскемендегі облыстық «Менің өлкем» жекеменшік газетінде тілші болып бастап, 2018 жылы Baq.kz ақпараттық порталында, 2019 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінде тілші қызметін атқарған. Журналистикадан бөлек, кейінгі жылдары психоанализ саласында кеңесші қызметімен айналысады.
Back to top button