TOP-2Оқиға

Ақтөбеде облыс әкімдігі ғимараты өртеніп жатыр (ВИДЕО)

Қазіргі сәтте ТЖМ құтқарушылары Ақтөбе қаласында Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан 6 қабатты әкімшілік ғимарат – облыс әкімдігінің ғимаратынан шыққан өртті сөндіріп жатыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Оқиға орнына ТЖД күштері мен құралдары 5 минут ішінде жедел жеткен. Дереу өрт сөндіру оқпандары беріліп, өртті толық сөндіру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілген. Адамдарды эвакуациялау жүргізіліп жатыр.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Қазіргі уақытта 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Back to top button