Ақсуат жұрты Руслан Өтепбайға ат мінгізді
Белгілі журналист Руслан Өтепбайға Абай облысы, Ақсуат ауданының тұрғындары ат мінгізді.
Бұл туралы кәсіпкер, мотиватор, меценат Дулат Тастекей Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасына жазды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«Халқымыздың сүйікті ұлы, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген белгілі журналист Руслан Өтепбайға Ақсуат жұртшылығы ерекше құрмет көрсетті. Ұлт руханияты мен қоғам өміріндегі өзекті мәселелерді көтеріп, халықтың сеніміне ие болған азаматқа қазақы дәстүрмен ат мінгізу рәсімі жасалды. Бұл – Ақсуат жұртының ардақты азаматқа деген ықыласы мен ризашылығының белгісі», – деп жазды Дулат Тастакей.
Оқырмандар мұндай сый-құрметті қолдап, тілектестік білдірді.
«Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан шықсын» деген осы, жарайсыздар!», «Жануардың сулуын мінген жігіттің сулуы – Руслан. Нағыз ер азамат: артық мақтанышы жок, сулу мінезді еңбегіңіз еселеніп, халықтың батасын ала беріңіз. Денсаулығыңыз мықты болып, аман болыңыз!» деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.