TOP-2Жаңалықтар

Ақмола облысында «Шөптікөл» дамбысы жарылды

Қорғалжын ауданында бөгет жарылып, су республикалық маңызы бар жолды шайып кетті. ТЖМ мәліметінше, гидротехника нысаны Сабынды ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Ресми органдардың мәліметінше, бөгеттің бұзылуы салдарынан су «Астана – Қорғалжын» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 75-шақырым тұсын кесіп өткен. Дегенмен, су жолдың жүру бөлігіне өтпеген.

Қазір ахуалды тұрақтандыру бағытында жедел шаралар жүргізілуде. Жұмысқа 43 бірлік арнайы техника мен 170 адам тартылған. Инертті материалдарды дайындау және оларды жеткізу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

«Аталған учаскеде үш көзді су өткізу құбыры қалыпты режимде жұмыс істеп, судың толық көлемде кедергісіз өтуі қамтамасыз етілді. Жол жамылғысы бүлінбеген, көлік қозғалысы штаттық режимде жүргізіліп жатыр», – делінген “ҚазАвтоЖол” хабарламасында.

Аталған учаскеде үш көзді су өткізу құбыры қалыпты режимде жұмыс істеп, судың толық көлемде кедергісіз өтуін қамтамасыз етуде.

Жол жамылғысы бүлінбеген, көлік қозғалысы штаттық режимде жүзеге асырылуда.

Back to top button