Жаңалықтар
Ақмола облысында жоғалып кеткен 44 жастағы малшының үшінші күні денесі табылды
Ақмола облысында жоғалып кеткен 44 жастағы малшының үшінші күні денесі табылды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
«19 мамыр күні Бұланды ауданы Капитоновка ауылы тұрғынының хабар-ошарсыз кеткені туралы полицияға арыз түсті. Іздестіру шараларының нәтижесінде 22 мамырда із-түзсіз жоғалған азаматтың мәйіті табылды», – деп Ақмола облыстық полиция департаменті.
Қазір тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Алғашқы тексеру барысында денесінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Адамның жоғалуына қатысты екінші жағдай Біржан сал ауданында тіркелген. Алайда полиция бұл оқиғаның мән-жайын жарияламады.