Алматыда пластикалық ота жасату кезінде блогер көз жұмды

15 мамыр күні Алматы қаласының 53 жастағы тұрғыны жекеменшік клиникалардың бірінде көз жұмды, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Полиция мәліметінше, аталған дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған.
“Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында қажетті тергеу әрекеттерінің кешені жүргізілуде. Оның қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге мәліметтері жария етуге жатпайды”, – делінген Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін журналист Михаил Козачков клиникалардың бірінде пластикалық ота жасату кезінде блогер Сәуле Ермаханова көз жұмғанын хабарлаған еді. Кейін ақпаратты блогердің қызы растаған.