Алматыда көпірден құлаған ер адам көз жұмды
Қайғылы оқиға Алматы қаласының Бостандық ауданында болды. Ер адам Әл-фараби даңғылындағы көпірден құлап, көз жұмған, деп хабарлайды Tizgin.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
ОҚИҒА ҚАЛАЙ БОЛДЫ
Оқиға жөніндегі ақпарат алдымен әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлер Әл-Фараби даңғылы мен Навои көшесі қиылысындағы көпірден адамның құлап кеткенін айтқан.
ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ
Алматы қалалық полиция департаменті ер адамның көз жұмғанын растады. Ведомство мәліметінше, аталған дерек бойынша Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.
«Аталған факті бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі өкілдері.
Оқиғаға қатысты өзге мәліметтер әзірге жария етілмеді.