$ 454.98 € 509.53 ₽ 5.37
Пікір

Алматыда екі-үш күнде жұмсайтын ақшамен Мысырда бір апта демалуға болады – Байдастан

Саяхатшы блогер Дастан Мұхамедрахым “Дөп сөз” подкастына берген сұхбатында Қазақстандағы ішкі туризмді дамытуға кедергі келтіріп тұрған бірнеше факторды атады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Қазақстанда демалу қымбат. Шымбұлаққа шығам десең де қаншама сома төлейсің. Алматыға келіп, екі-үш күн демалып қайтатын ақшаға Мысырда бір апта демалып қайтуға болады. Алакөлде үш күнде демалатын ақшаңды Антальяда бес немесе жеті күн жатасың. Олар массамен бағаны арзандатып қойған ғой. Бізде көп болып қыдыратын адам жоқ. Аз ғана адамның есебінен плюсқа шығу үшін қымбатқа сатады. Ішкі туризм халықтың менталитеті, бәрімен келеді ғой (…) Біріншіден, Қазақстан өте үлкен. Екіншіден, жолдар жоқ, аз. Үшіншіден, қымбат. Дәретхананың өзін таппайсың”, – дейді Дастан Мұхамедрахым.

Дастан Мұхамедрахым әлемге Қазақстанды блогы арқылы танытып жүрген азамат. Ол әйгілі блогерлерді Қаақстанға әкеліп, туризмнің дамуына үлкен серпінін тигізіп жүр.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Dope Söz (@dopesoz)

 

Back to top button