Қазақстан мен АҚШ атом энергетикасындағы серіктестікті күшейтпек

Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев АҚШ-тың өтенше және өкілетті елшісі Джули Стаффтпен кездесу өткізді, деп хабарлайды агенттіктің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ағымдағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, сондай-ақ одан әрі ынтымақтастықтың жекелеген бағыттары бойынша пікір алмасты.

Өзара іс-қимыл қолданыстағы халықаралық келісімдер шеңберінде және ядролық қауіпсіздік пен таратпау саласындағы міндеттемелерді сақтай отырып жүзеге асырылатыны атап өтілді.
“Сондай-ақ, тараптар ғылыми-техникалық ынтымақтастық, тәжірибе алмасу, кадрлар даярлау мәселелерін талқылады. Талқылау сындарлы және нәтижелі болды”, – делінген ақпаратта.
Кездесу қорытындысы бойынша бейінді мәселелер жөніндегі диалогты жалғастыруға өзара қызығушылық расталды.
