TOP-2Жаңалықтар

«Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы» заң қашан күшіне енеді

Вице-премьер әрі ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, осы айдың соңына дейін құжатты Ақордаға кіргізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Конституциялық заң жобасы:

– жергілікті мемлекеттік басқару органдарының құрылымы мен өкілеттіктерін айқындауды;

– озық халықаралық және шетелдік стандарттарды, техникалық регламенттерді және технологиялық нормаларды қолдануды;

– цифрлық активтердің айналымын реттеуді;

– шағын биіктіктегі экономика саласын және электронды ұшқыш аппараттарды дамытуды;

– инвестицияларды қорғауға және олардың тұрақтылығына кепілдік беруді;

– салық салудың және бюджеттік қатынастардың ерекше режимін қолдануды көздейді.

Қазір құжат Парламент қарауында. 20 наурызда заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен отырысының 1-ші оқылымын, ал 27 наурызда 2-ші оқылымын өткізу жоспарланып отыр. 

Заң жобасы наурыз айының сонына дейін Мемлекет басшысына қарауына енгізіледі.

Back to top button