TOP-2Оқиға

Актер Асқар Жұмабек қамауға алынды

Айнұр Нарзиева атты модельге дүрсе қоя берген актер Асқар Жұмабек 10 тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Tizgin.kz.

Айнұр Нарзиеваның айтуынша бұл оқиға түсірілім жұмыстары кезінде орын алған. Видеодағы көрініске оқырман наразылық танытып, бойжеткеннің өзі қатты күйзеліске түскенін жазған. Бірақ Асқар Жұмабек бұл оқиғаға өзі кінәлі емес екенін айтып, видеоүндеу жариялаған. Екі тарап бір-бірін айыптайды.

21 наурызда Алматы қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі Асқар Жұмабектің полиция бөліміне жеткізілгенін хабарлады.

“Тексеру барысында оның қоғамдық орында өзін агрессивті ұстап, балағат сөздер айтып, азаматшаға құрметсіздік танытқаны анықталды, – дейді полиция қызметкерлері.

Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен актер 10 тәулікке қамалды.

Back to top button