Жаңалықтар

Air Astana Франкфурттағы рейстерді басқа терминалға ауыстырды

5 мамырдан бастап Air Astana Франкфурт әуежайының жаңа 3-терминалында рейстерді қабылдап, жөнелту қызметін бастады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

ТЕРМИНАЛ ҚАЙДА ОРНАЛАСҚАН

Air Astana-ның тіркеу орындары 3-терминалдың 34-аймағында орналасқан. Бизнес-класс жолаушылары, сондай-ақ Nomad Club бағдарламасының Алтын және Бриллиант деңгейіндегі мүшелері паспорттық бақылаудан соң бесінші қабаттағы жаңа Priority Lounge бизнес-залын пайдалана алады.

РЕЙС САНЫ КӨБЕЙДІ

Көктем мен жазғы кесте аясында аталған әуе компаниясы Германияға ұшатын рейстер санын арттырды. Астана – Франкфурт бағытындағы рейстер енді күн сайын орындалады. Ал Алматыдан ұшулар аптасына үш рет – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері жүзеге асырылады.

ӨЗДІГІНЕН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖҮЙЕСІ БАР

Әуе компаниясы өкілдері жаңа терминалдың өздігінен қызмет көрсету жүйелерімен жабдықталғанын атап өтті. Ұшу алдындағы рәсімдерді жылдам өту үшін жолаушыларға өздігінен тіркелу киоскілері мен багаж тапсыру автоматтарын пайдалануға кеңес беріледі.

Терминал аумағының кеңдігіне байланысты Air Astana әуежайға бару уақытын алдын ала жоспарлап, рейске дейін қосымша уақыт қарастыру қажеттігін ескертті.

Back to top button