Без рубрикиЖаңалықтар
Аймағамбетов Құрылтай құрамына өтпесе немен айналысатынын айтты

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Құрылтай құрамына енбей қалған жағдайда не істейтінін айтты, деп хабарлайды Tizgin.kz.
Кулуарда Асхат Аймағамбетовке «Құрылтай құрамына өтпесеңіз не істейсіз?» деген сауал қойылды.
Депутаттың айтуынша, Парламентте жұмыс істеген кезеңнің өзінде ол білім саласынан қол үзбеген.
«Парламентте болған уақытымда университетте де сабақ бердім. Жасыратыны жоқ, аптасына бір рет мектепте де жұмыс істедім. Сондықтан балалардан, өзімнің мамандығымнан қол үзгем жоқ. Енді оны барлығы біледі деп ойлаймын. Мен үшін жастармен жұмыс істеу – ерекше сезім. Өйткені, олар – бөлек толқын. Олардан үйренеріміз көп», – деді Асхат Аймағамбетов.