TOP-2Қоғам

“Әділет вице-министрінің қазақ тілін білмеуі – әділетсіздік”: депутат вице-министрге ескерту жасады

Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса әділет вице-министрі Ботагөз Жақселековаға ағалық ескерту жасады, деп хабарлайды Tizgin.kz.

“Сіз әділет вице-министрі ретінде мемлекеттік тіл қазақ тілі екенін білесіз. Осында қаншама депутат мемлекеттік тілде сұрақ қойды. Бірақ сіз оны мемлекеттік тілде жауап бермедіңіз. Тіпті Екатерина Смолякованың да мемлекеттік тілдегі сұрағына мемлекеттік тілде жауап бере алмадыңыз”, – деді ол.

Қазыбек әділет министрлігінен келесі жолы мәжіліске мемлекеттік тілде білетін адамды жіберуді өтінді.

“Немесе сіз өзіңіз қазақ тілін үйреніп келіңіз. Әділет вице-министрінің қазақ тілін білмеуі – әділетсіздік”, – деп түйді Қазыбек Иса.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Tizgin.kz (@tizginkz)

Back to top button