TOP-2Спорт

ӘЧ-2026: Испания Аргентинаны жеңіп, әлем чемпионы атанды

Испания Аргентинаны финалда тізе бүктіріп, чемпион атанды, деп хабарлайды Tizgin.kz 

18 шілдеден 19-ына қараған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Испания мен Аргентина бас жүлдеге таласты.

Кездесуде жалғыз голды 106-шы минутта Ферран Торрес салды. Тартысты кездесуде басымдық Испанияда болды.

Испания Америкадан әлем чемпионаттары тарихындағы ең ұзақ жеңіліссіз серияға ие құрама ретінде аттанды – 38 матч бойы ешкімге есе жібермеді.

Ал Аргентина өз еліне заманауи футболдың ең үздік ойыншысы Лионель Мессимен және кез келген құрама үшін теңдессіз жетістікпен – әлем чемпионатының финалына қатарынан екі рет шыққан команда мәртебесімен оралды.

Back to top button