Табысы төмен азаматтарға 432 500 теңгеден берілетіні рас па
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі табысы төмен отбасыларға біржолғы көмек берілетіні жайлы ақпарат жалған екенін хабарлайды, деп жазады kaz.inform.kz.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ақпаратында мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде 2026 жылы табысы 232 мың теңгеден төмен отбасыларға, сондай-ақ белгілі бір сырқаты бар адамдарға 432 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындалатыны туралы таратылып жатқан ақпарат шындыққа сәйкес келмейтіні жазылған.
Қолданыстағы заңнамада мұндай әлеуметтік төлем қарастырылмағанын хабарлаймыз. Мұндай хабарламаларды көбінесе алаяқтар жеке деректерге қол жеткізу мақсатында пайдаланатынын азаматтардың есіне саламыз, – делінген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарламасында.
Мемлекеттік қолдау шаралары туралы ресми мәліметтер тек 1414 нөмірінен SMS-хабарламалар арқылы жіберіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарында ғана жарияланады.